АҚШ жетекші қытайлық компаниялардың жабдықтарын елде сатуға тыйым салды
АҚШ жетекші қытайлық компаниялардың жабдықтарын елде сатуға тыйым салды
1 жыл бұрын 864 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы Қытайдан Huawei, ZTE, Hytera және басқа да бірқатар компаниялар шығарған телекоммуникациялық жабдықтарды елге әкелуге және сатуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Сатуға тыйым салынатын жабдықтар мен қызметтердің тізіміне қазіргі уақытта Huawei Technologies, ZTE Corporation, Hytera Communications, Hangzhou Hikvision Digital Technology және Dahua Technology және еншілес компаниялары шығаратын байланыс өнімдері кіреді», - делінген FCC веб-сайтында жарияланған хабарламада. Бұған қоса, қытайлық телекоммуникациялық өнімдердің тыңшылыққа қатысы болуы мүмкін екені бұрын да әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан еді, Тіпті, бұл тарапта АҚШ-тың бұл тыйымы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретіндігімен түсіндіріледі.

0 пікір
Мұрағат