|
Ақыл-есі кем азаматтарға да әскери борышын өтеуге рұқсат берілді
|
АҚШ-тың әскери қосынында осы елдің ақыл-есі кем бозбалалары да отан алдындағы борышын өтей алатын болады. Бұл жайында USA Today ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, биполярлы аффектіден зардап шегетіндер және өзге де психикалық ауытқушылыққа ұшырағандар мен күйзеліске бейім жастар да бұдан былай сапқа тұрып, сарбаз атануына болады. АҚШ билігінің мұндай қадамға баруына 2018 жылдың қыркүйек айында рекруттардың қарасын 80 мың адамға жеткізу мақсаты себеп болып отыр. Айта кетейік, 2009 жылы АҚШ армиясында өз-өзіне қол жұмсауға, яғни, суицидке бейімдерді алуға қатаң тыйым салынған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды