|
Араб елі Еуропаны электрмен қамтамасыз етеді
|
Алжир билігі еуропалық елдерге электр желісін тарту жобасын қарастыруда. Бұл туралы islam.kz порталы аталған елдің энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі Мұхаммед Арқабқа жөн сілтеген «an-Nahar» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Алжир электр қуатын өндірудің үлкен әлеуетіне байланысты Еуропамен электрлік байланыс жобасын мұқият зерттеп жатыр. Алжир электр қуатының «ірі өндірушісіне» айналды, оның өндірістік қуаты 25 000 мегаватттан асады. Алайда, Алжирде электр энергиясын тұтынудың шарықтау шегі небәрі - 17 мың мегаватт, міне, осындай себеппен Алжир энергетикалық орталықтардың біріне айналады», - деп мәлімдеді Мұхаммед Арқаб.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды