Арaб елі өзін бұрын отарға айналдарған елдің тілін оқу бағдарламасынан алып тастайды
Арaб елі өзін бұрын отарға айналдарған елдің тілін оқу бағдарламасынан алып тастайды
2 жыл бұрын 973 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алжир мектеп қабырғасында француз тілін оқу сағаттарын қысқартатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Аталған араб елі француз тілін бүгінде әлем халқының шамамен үштен бірі тұтынатын әрі күллі технология тіліне айналған ағылшын тілімеен алмастырмақ. Алжир президенті Әбдімәжит Теббун «Француз тілі – жат жерліктің соғыстағы жеңісінің белгісі. Ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі»,- деп мәлімдеді. Осы жылдың шілде айында ол Білім министрлігіне қыркүйектің 21-і күнінен, яғни, жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасындағы француз тілі сабақтарын ағылшын тілі сабақтарына ауыстыру үшін оқулықтар мен мұғалімдерді дайындауды тапсырған болатын. Бұл шара елде ағылшын тілін үйренуге мемлекеттік қолдаудың алғашқы актісі болды. Алжирдегі ресми тілдер тек араб және бербер тілдері болса да, француз басқыншылыған азат етілгеніне 60 жыл өтсе де, мыңдаған адам күнделікті өмірде бұрынғы отарлаушылар тілінде сөйлейді, кейбір университеттерде француз тілі сабақ беру үшін қолданылады. Мектептерде француз тілін ағылшын тілімен алмастыру үшін Білім министрлігінің жеделдетілген бағдарламасы бойынша 5 мың мұғалім жұмысқа қабылданып оқытылды, тағы 60 мың адам мұғалімнің бос орнына өз түйіндемесін тапсырды.

0 пікір
Мұрағат