Араб елінде тұтынушы құқығын бұзғандарға миллиондаған айыппұл салынады
Араб елінде тұтынушы құқығын бұзғандарға миллиондаған айыппұл салынады
4 ай бұрын 805 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Дәлірегі, аталмыш заң талаптарын елемегендерге 2 миллион дирхамға дейін айыппұл салынып, екі жылға бас бостандығынан айырылады. Бұдан бөлек, тұтынушыларға зиянын тигізуі мүмкін шарттарға кез келген тармақтарды қосуға тыйым салынғаны айтылған. Бұған қоса, тұтынушы тауарды немесе көрсетілген қызметті пайдалану кезінде пайда болған моралды және материалды залал үшін өтемақы талап ете алады. Бұл заң «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2020 жылғы № 15 федералдық заңның солқылдақ талаптарын толықтырады және ондағы бірқатар олқылықтар жойылған. Ендігі жерде жабдықтаушылар мен коммерциялық агенттер өнім туралы барлық қажетті ақпаратты ашып, тауардың бағасын нақты көрсетуі керек. Тауарларды жарнамалауда әсірелеп, тұтынушыны адастырмауы керек, тұтынушыларға бағасы мен сатып алу күні көрсетілген түбіртек берілуі керек. Жабдықтаушылар кепілдік талаптары мен шарттарын орындауы, өнімдерге қосалқы бөлшектер мен техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынуы және ақауы бар өнімдерді ауыстыруы немесе қайтаруы керек. Тауардың ақауы бары анықталса, жабдықтаушы өнімді саудадан алып тастауы керек және сатып алушыға ақаулар табылған жағдайда өнімді жөндеуі, ауыстыруыы немесе ақшасын қайтаруы керек. Өнім жарамсыз деп танылса, сараптама шығындарын жабдықтаушының өзі өтейді.

0 пікір
Мұрағат