|
Араб коалициясы бала өлім-жітіміне байланысты БҰҰ-ның «қара тізіміне» ілікті (видео)
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдерді бала құқықтарын бұзған мемлекеттердің «қара тізіміне» енгізді. Себебі, осы коалиция әрекетінің кесірінен Йемендегі әскери ұрыстарда жасөспірімдер көктей солған. «Йеменде қақтығысып жатқан тараптар - жергілікті хуситтер тобы мен Сауд Арабиясы бастаған коалиция адамдарды өлтіргені және жаралағаны, сондай-ақ, мектептер мен ауруханаларға шабуыл жасағаны үшін осы тізімге ілікті», - деп мәлімдеді Пан Ги Мун. БҰҰ мәліметінше, коалиция 510 баланың өліміне кінәлі, бұл көрсеткіш осындағы қарулы қақтығыс кезінде көз жұмған балалардың 60%-ын құрайды. Сондай-ақ, коалиция әрекетінен 667 жараланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды