Араб мемлекеттері лигасы Украинаға қатысты позициясын жариялады
Араб мемлекеттері лигасы Украинаға қатысты позициясын жариялады
1 жыл бұрын 2035 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алжир астанасында өткен Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер кезекті саммитте Украинадағы жағдайға өз ұстанымдарын белгіледі әрі білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Араб мемлекеттерінің лигасы әлемдегі ықпалды ұйымдардың бірінен саналады әрі оның позициясымен санасады. Бұл орайда аталған одақ Украинадағы соғысқа бейтарап саясатын ұстанатынын жеткізді. Құжатта, атап айтқанда, араб елдерінің ұстанымы "Украинада күш қолданудан бас тартуға негізделген" және "араласпауға, сондай-ақ, ұстанымды бірауыздан ұстануға негізделген" деп айтылған. Бұл алқалы жиын соңғы үш жылдағы алғашқы бетпе-бет кездесу болды. Араб мемлекеттері лигасының алдындағы жиыны Тунисте 2019 жылы өткен еді, келесі кезекте Саудия жерінде өтетін болды. Бұл саммитте тынышы қашып, тұрақсыздық жайлаған Сирия, Йемен, Либия және Палестина мәселелері талқыланды.

0 пікір
Мұрағат