Ұлыбритания Албанияның барлық азаматтарын бірін қалдырмай депортациялауы мүмкін
Ұлыбритания Албанияның барлық азаматтарын бірін қалдырмай депортациялауы мүмкін
1 жыл бұрын 924 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ билігі 2015 жылғы осы заманғы құлдық туралы заң талаптарының Ла-Манш арқылы көші-қонды тоқтатуға жеткілікті өкілеттік бермейтінін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаз мезгілінде жүргізілген бұл бағыттағы сауалнама нәтижесі елге заңсыз кіргендердің 60 пайызы Албаниядан келгенін көрсетті. Жалпы бір жыл ішінде аталған Балқан елінің 12 мың азаматы Ұлбританияға қайықпен келген. Иммиграция министрі Роберт Йенриктің айтуынша, саяси баспана сұраған кезде албандар қазіргі құлдық заңының талаптарын алдыға тартып, өздерін құл иелерінен қашып құтылған, яғни, жәбір көрген әрі қорғауға мұқтаж тұлға ретінде көрсетеді. Атап айтқанда, құлдық туралы заң бойынша баспана сұрағандардың 26 ​​пайызы албан азаматтары. Осыған байланысты Ұлыбританияның иммиграция министрі жақын арада Тиранаға баруды жоспарлап отыр, тіпті, егер Британ аумағындағы олар саяси баспана алса да, олардың барлығын Ұлыбританиядан шығаруға мүмкіндік беретін заң бойынша Албаниямен келісімге келуді көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат