Артық салмақ проблемасы балалар арасында таралып барады
Артық салмақ проблемасы балалар арасында таралып барады
8 жыл бұрын 5218 24.kz tengrinews.kz Lenta.ru EurekAlert!

Күллі әлем атап өтетін Денсаулық күні биыл диабет ауруына арналған болатын. Өйткені, бұл дерттің қаупі күшейіп барады. Соңғы 30 жыл ішінде диабетке шалдыққандардың саны 4,5 есе өсіп, 422 млн адамға жетті. Өткен жылы қазақ сусамыр атаған аурудан әлемде 5 млн адам көз жұмды. Бұл туберкулез, СПИД, безгек ауруларын қоса алғандағы жалпы көрсеткішке тең. Экономикалық кесірі де алапат. Жыл сайын диабетпен күреске 1 трлн доллар жұмсалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғашқы жаһандық баяндамасында оның алдын алу мен емдеу ауқымын кеңейту қажеттігін баса айтты. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, диабеттің екінші түрінің 20%-ын жеңуге болады. Ал індеттің таралуына негізінен семіздік, нашар тамақтану және физикалық белсенділіктің аздығы себеп болып отыр. Бәрінен қауіптісі, артық салмақ проблемасы балалар арасында таралып барады. Оксана Драпкина, профессор, медицина ғылымдарының докторы: - Салмағы мөлшерден тыс балалар саны 8%-ға артты. Егер 1980 жылдары бұл 6,6%- болса, 2000 жылдары 11-12%-ға жетті. Бала жасынан артық салмақ болса, ол болашақта диабетке шалдығатын науқастар қатарына қосылады. Гайк Никогосян, Ресейдегі бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы арнайы өкілінің міндетін атқарушы: - Салмақ семіздік көрсеткішіне жақындай бастаған кезден өмір сүру қалпын өзгертіп, глюкоза мөлшерін тексерту қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аумағында толық адамдар саны 2%-ға өсті. Бұл аймаққа Қазақстан да кіреді. 

Баланың семіздікке шалдығу кеселін құрсақта жатқанында анықтаудың жолы табылды

Дәрігерлер жүктіліктің алтыншы айынан бастап құрсақтағы сәбидің семіздігіне болжам жасауды үйренді. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі 2016 жылдың 1 сәуірі күні АҚШ эндокринологиялық ұйымының кеңесінде таныстырылды.

Авторлар өз жұмыстарында екі мен алты жас аралығындағы толық (480 адам) және арық (783 адам) балаларды зерттеді. Зерттеу кезінде семіздікке шалдыққан балалардың құрсақта жатқан алтыншы айынан бастап бұған бейім бола бастағаны анықталды.

Бұрын ғалымдар дене салмағының индексін екі жасқа дейін есептемеуге кеңес беретін еді. Енді олар құрсақтағы сәбиге алты ай толғаннан бастап өлшеуге кеңес беріп отыр. Осылайша, ғалымдар семіздікке шалдығуды адам дамуының ерте кезеңінен бастап бақылауға алуды жоспарға алды.

Ересек адамдардың дене салмағының индексі бойы мен оның дене салмағының сәйкес келуі бойынша өлшенеді. Мысалы, дене салмағы 67 келі, бойы 1,7 метр болса индекс 23-ке тең.

Балалардың да ДСИ-і осылайша өлшенеді, бірақ, жасына қарай даму ерекшеліктері ескеріліп, ол арнайы процентиль диаграммалардың көмегімен тіркеледі. Индекс 85-90 процентильден жоғары болса семіздікке шалдыққан болып есептеледі. 

0 пікір
Мұрағат