Aса ірі oндаған корпорация наным-сенім және сөз бостандығын тиісті деңгейде қорғамай отыр
Aса ірі oндаған корпорация наным-сенім және сөз бостандығын тиісті деңгейде қорғамай отыр
11 ай бұрын 604 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяудағы зерттеу нәтижесіне сәйкес әлемдегі аса ірі ондаған корпорация сөз және наным-сенім бостандығын тиісті деңгейде қорғамайды, дегенмен, кейбір компаниялар өткен жылдан бері өз позицияларын жақсартқан. Бұл жайында islam.kz порталы христиандардың The Christian Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Alliance Defending Freedom (ADF) коммерциялық емес заңды ұйымы жыл сайынғы Viewpoint Diversity Score бизнес индексін түзге екен, аталмыш компания 0 балдан 100 балға дейінгі шкала негізінде сөз және наным-сенім бостандығын құрметтеуге негізделген 42 тиімділік көрсеткіші бойынша 75 ашық корпорацияның бұл бағыттағы позициясын бағалайды. Бұл тараптағы зерттеу мыңдаған мекемелерге сенімге негізделген инвестиция туралы деректер мен рейтингтерді ұсынатын Inspire Insight инвестициялық технологиялық қызметімен бірге жүргізілді. Аталған зерттеу нәтижесі бойынша 75 компания ғана 25 балдан жоғары ұпай жинай алған. Сөз және наным-сенім бостандығы индексі ең төмен бес компанияның қатарына Airbnb (2%), Amazon.com (4%), Alphabet (Google) (4%), eBay (5%) және Microsoft (5%) кіреді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл компаниялардың бұл тараптағы көрсеткіштері тиісінше 3%-ға, 2%-ға, 5%-ға, 2%-ға және 0%-ға құлдыраған. ADF аға кеңесшісі және корпоративтік қатысу жөніндегі аға вице-президенті. Жереми Тедесконың айтуынша, адам капиталын дамытуда маңызды рөл ойнайтын сөз және наным-сенім бостандығын тек мемлекеттік аппараттың ресурсын шоғырландырған билік тарапынан ғана емес, сонымен қатар, негізгі қызметтер мен байланыс арналары бойынша ықпалы жоғары қаржы институттары мен ірі технологиялық компаниялар да шектей алады. Адамдарды діни әрі нәсіліне қарай алалау, кемсіту, апараттық соғыс жүргізу арқылы шектей алады. Маңызды зерттеуде банк секілді аса ірі қаржы мекемелерін, төлемдерді өңдеу қызметтерін және әлеуметтік медиа платформаларын қоса алғанда, «жеке тұлғалардың немесе мекемелердің сөз немесе наным-сенім бостандығына елеулі ықпал ететін ең үлкен әлеуеті бар салаларда» жұмыс істейтін компаниялар қамтылған. Ұпайлар компаниялардың ADF тапсырысы бойынша сауалнамаға берген жауаптары негізінде есептеп шығарылды. Әлемдегі ықпалды компаниялардың тек біреуі ғана, дәлірегі, Fidelity National Information Services компаниясы бұл бағытта жалпы 50% балл ұпай жинай алған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы 18 пайызбен салыстырған 32 пайызға артқан. M&T Bank 25% ұпай жинады, бұл көрсеткіш өткен жылғы 14% -дан 11% жоғары. Корпорацияның бағасына оның саяси шығындарға барғаны немесе бармағаны да әсер етеді, атап айтқанда, ол «сөз немесе наным-сенім бостандығына зиян келтіретін» заңдарды немесе сот істерін қолдауға ақша жұмсағаны немесе жұмсамағаны да ескеріледі. Компанияның жазбаша діни қызмет саясаты (немесе оның болмауы) ұпайға да әсер етеді.

0 пікір
Мұрағат