|
Әсіре сақтық полицияны күлкіге қалдырды
|
Кувейтте ыңғайсыз жағдай орын алды. Сауда орындарының бірінде тұтынушылардың бірі сырт көзге қабат-қабат киініп алғандай көрінгенімен, киімнің астынан жанкешті белбеуін тағынып алғандай көрінген ер адамнан күдіктеніп, полицияға хабарласқан. Террористік қауіптен әсіре сақтық танытқан полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, күдікті көрінген адамды тұтқындап әкетеді. Артынан күдіктінің фото-суреті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Күдіктінің сырт киімін шешкен кезде жанкештілер тағатын белбеуге ұқсас жилет киіп алған болып шықты. Салмақ тастау үшін осы ауыр жилетті киіп алып жүгіретін ер адамды еркіне жіберді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды