|
Ата-анасы өрттен құтқару үшін балаларын бесінші қабаттан лақтыруға мәжбүр болды (видео)
|
Ресейде ата-анасы өрттен құтқару үшін балаларын бесінші қабаттан лақтыруға мәжбүр болды, - деп хабарлайды НТВ.
Төтенше оқиға 22 мамырда Владимир облысындағы Струнино қаласында болған. Төртінші қабаттағы пәтер өртеніп, жоғарыдағы пәтерге көшкен. Оқиға кезінде үйде әкесі, шешесі және олардың екі баласы болған.
Ата-анасы бастапқыда балаларын лақтырып, кейін өздері секіруге мәжбүр болды. Ал төменде куәгерлер оларды көрпе жазып, тосып тұрған. Куәгерлер құтқару сәтін ұялы телефонның камерасына жазып алған. Биіктіктен құлаған ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізіліпті.
Үйдге шыққан өртті 20 минут өткенде ғана сөндіру мүмкін болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа төртінші қабатта асханада ас әзірлеп жатқан әйел кінәлі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды