АТАМБАЕВ АУЫР ЖАҒДАЙДА ТҮРКИЯ АУРУХАНАСЫНА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ (ВИДЕО)
АТАМБАЕВ АУЫР ЖАҒДАЙДА ТҮРКИЯ АУРУХАНАСЫНА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2288 qamshy.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Түркияның Егей жағалауындағы ауруханалардың біріне жатқызылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Haberler.com-ға сілтеме жасап.  Бұған дейін А. Атамбаевтың Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясына барар жолда сырқаттанып, Түркияда медициналық тексерістен өтіп жатқаны хабарланған болатын. Қырғызстан президентінің әкімшілігі «Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша мемлекет басшысында жүрек ауруының белгілері анықталған», - деген хабар таратқан. Ал, Нью-Йоркке қырғыз делегациясын елдің сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаев бастап барады. Естеріңізге салсақ, А. Атамбаев 17 қыркүйекте 60 жасқа толып, Бішкекте өткен ТМД елдері басшыларының саммиті мерейтой тойлауға ұласқан болатын. А. Атамбаев 2011 жылы Қырғызстанның президенті болып сайланған.

0 пікір
Мұрағат