|
Әуесқойлық танытсаң, басың бәлеге қалды дей бер...
|
Біріккен Араб Әмірлігінде көлік жүргізізіп келе жатып, әуесқойлықт танытқандарға айыппұл салынатын болды. Яғни, жол-көлік оқиғасы орын алған жерде жүрісін баяулатып, апат салдарын тамашалағандар жауапкершілікке тартылып, жазаланатын болады. Айта кетпеске болмайтын жайт: мұндай айыппұл 2017 жылдан бері қарастырылған. Алайда, нақты тәжірибеде қолданылмаған еді. Ендігі жерде әуесқойларға көз жұма қарамайтын болады - 272 долларды санап беруіне тура келеді. Әуесқойлық танытқаны үшін. Ел билігінің мұндай қадамға баруына жуырда Дубай қаласында орын алған апатты жеміске үймелеген шыбындай болып, тамашалаған жүздеген көлік жүргізушілерінің кесірінен зардап шеккендерге дер кезінде жете алмай, уақытылы көмек көрсете алмай қалғаны себеп болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды