|
АУҒАНСТАНДА 2,3 МЛН БАЛАҒА АШТЫҚ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР
|
Ауғанстанда биыл 2 млн-нан аса бала ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Олардың 900 мыңдайы тойып тамақ ішпеген. Бұл туралы БҰҰ-ның Балалар қоры мәлімдеді. Ауғанстанда 2021 жылы билікке тәліптер келген соң экономикалық ахуал күрт нашарлап кетті. 40 млн-ы тұрғыны бар елдегі халықтың жартысына шұғыл гуманитарлық көмек қажет.
Фран Экиза, Ауғанстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі: - Бізде Ауғанстандағы балаларға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржы жетіспейді. Соңғы айда осы шараларға қажетті соманың 22%-і ғана жиналды. Сондықтан әлем елдері мәселені шұғыл түрде шешуге күш салуы қажет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды