|
Австралия климаттың өзгеруімен күресу үшін миллиардтаған долларға бағаланатын облигациялар шығарады
|
Австралия елде алғашқы 7 миллиард долларға бағаланатын «жасыл» облигациясын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы ESGNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарасы жасыл сутегін өндіруді, экологиялық таза көлікті дамытуды және биологиялық әралуандылықты сақтауды қоса алғанда, климат дағдарысының бетін қайтаруға септігін тигізетін жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Аталмыш жоба Австралияның 2050 жылға дейін атмосфераға бөлінетін парникті газдардың мөлшерін нөлдік деңгейге түсіруге қол жеткізу мақсатында қолға алынып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды