|
Австралиялықтар "Макдональдс" бургерін 20 жыл бойы сақтаған
|
Австралия тұрғындары Кейси Дин мен Эдвард Ництің 1995 жылы "Макдональдс" дәмханасынан сатып алған бургерді бүгінгі күнге дейін сақтап келгенін хабарлады The Daily Mail ақпарат көзі.
Екі дос фастфудты осыдан жиырма жыл бұрын "Макдональдс" жылдам әзірленетін тағамдар желісінен сатып алған. Бірнеше бургерді тауысқан оқушылар соңғы біреуін жей алмай, сақтап қоюға сөз байласыпты. Алғашында 6 айға деп келіскенімен, алты айы ақыры жиырма жылға созылды. "Мұны әзіл көретінбіз, Кейін алты айдың қалайша өтіп кеткенін білмей қалдық. Айлар жылдарға айналды. Міне, араға жиырма жыл салып сол бургерді назарларыңызға ұсынып отырмыз. Дәмін білмейміз, бірақ түрі сол қалпы сақталған" дейді Дин мен Ниц. Олар бургерді қалай және қайда сақтағанын айтқан жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды