Азия, Африка және Таяу Шығыстан миллиондаған адам мерзімінен бұрын опат болуы мүмкін
Азия, Африка және Таяу Шығыстан миллиондаған адам мерзімінен бұрын опат болуы мүмкін
5 жыл бұрын 2692 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну мен оныңсалдарынан орын алған климаттың өзгеруі алдағы он жыл ішінде Азияда, Африка құрлығында және Таяу Шығыс аймағында миллиондаған адамды мерзімінен бұрын опат етуі мүмкін.  Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемнің 250 ғалымы атсалысқан баяндамада айтылған. Ғалымдар ең басты қатерлердің қатарына жаһандық жылынуды, тұшшы су кеөздерінің ластануын, бактериялардың дәрі-дәрмекке төзімділігінің артуын, ерлер мен әйелдердің ұрпақ өрбіту қабелетінің азаюын жатқызған. Ғалымдардың есебінше, 2050 жылға қарай Арктикадағы температура Цельсия бойынша 3-5 градусқа, ал 2080 жылы 9 градусқа көтерілмек, Олардың айтуынша, климаттың өзгеруін енді тоқтату мүмкін емес. Мұздақтардың еруінен әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп, жағалаудағы елдер су астында қалмақ. Бұған қоса, мұз құрамындағы миллиондаған тонна көміртек төрттен бірге кеміп, өз кезегінде жаһандық жылыну процесін тездетеді. 

0 пікір
Мұрағат