БАӘ «алтын» бизнес лицензияларын бере бастауы мүмкін
БАӘ «алтын» бизнес лицензияларын бере бастауы мүмкін
1 ай бұрын 355 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі ел аумағында экономикалық мақсаттағы қызмет жүргізетіндер үшін арнайы «алтын» және «күміс» лицензиясын енгізуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы KHALEEJ TIMES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті ұсыныстар БАӘ экономика министрі Абдулла бен Тук әл Марри мен БАӘ сыртқы сауда министрі Ахмет әл Зейудидің қатысуымен өткен экономикалық интеграция комитетінің отырысында талқыланды. Аталмыш комитет мемлекеттік кірістерді ұлғайтуға, сондай-ақ, БАӘ-де кәсіпкерлік және экономикалық қызметті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті бағамен ұзақ мерзімді лицензиялар беруді ұсынды. Визалар 5 және 10 жылға шақталған. 2019 жылдан бастап БАӘ-де инвесторлар, кәсіпкерлер, жылжымайтын мүлікті сатып алушылар, үздік студенттер және басқа мамандар үшін алтын резиденттік виза бағдарламасы қолданылып келеді. Жаңа ұзақ мерзімді лицензиялар елге жаңа кәсіпкерлерді тартуға бағытталған. 2023 жылдың соңына қарай елдегі компаниялар саны 788 мыңға дейін өсті, бұл жайт өз кезегінде елге тікелей шетелдік инвестицияның артуына әкелуі тиіс. Бұған дейін БАӘ-дегі жетекші корпоративтік қызмет провайдері Virtuzone бес жылға жарамды «күміс» резиденттік визаларды беретінін жариялады. Тұру визасынан басқа, «күміс» деп аталатын пакетке сауда лицензиясы және компанияға төмендетілген тарифтер бойынша корпоративтік қолдау кіреді. 10 жылға берілетін «алтын» резиденттік визардан айырмашылығы - бес жылдық визалар айтарлықтай қаржылық инвестицияларды қажет етпейді, сонымен қатар, БАӘ-де ұзақ мерзімді тұруға кепілдік береді.

0 пікір
Мұрағат