|
Банк қызметкерлерін таяқтап жалазау қоғамның наразылығын тудырды (ВИДЕО)
|
Ғаламторда Қытайдағы банктердің бірінде қызметкерлерді елдің көзінше таяқтап жазалағаны турасында бейнежазба жария болды. Қаржы мекемесінің қызметкерлерінің жазаланғаны сәті қалта телефонының таспасына тартылған екен. Артынан әлеуметтік желіге жүктелген. Сахнадағы жүргізуші әр қызметкердің жұмыс нәтижесін айтып, қолындағы таяғымен ұрып соққан. Бұл ролик өз кезегінде ғаламтор пайдаланушыларының ашу-ызасын тудырды. Оның үстіне, аталған банк басшысының видеоның жасанды емесін айтып, отқа май құйғандай етті. Сондай-ақ, банк басшысы қызметкерлерді таяқтау жазалаудың тек бір түрі ғана екенін мәлімдеді. Тағы 16 қызметкердің шаштарын тақырлап алдырып тастаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады