|
Бейіттер заңмен қорғалады
|
Мысыр парламентінің депутаттары зираттарды тонаудан әрі қорлаудан, сондай-ақ, мазарды сиқыр рәсімдерін орындайтын орынға айналдырудан, сондай-ақ, мәйіт саудасынан қорғайтын заң жобасын ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Masry-al-Youm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасының авторы Мұхаммед Езат Арафат бұл бағытта бейіттерді қорғаудың нақты шараларын қолға алуды ұсынып отыр, атап айтқанда, бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігіне тоқталды. Пирамидалар елінде мұндай қадам соңғы жылдары бейіттегі жоғарыдағыдай адамшылыққа жат әрекеттердің жиі қайталануы себеп болып отыр. Аталмыш заң талаптарын бұзғандар (егер заң жобасы қабылданып, мақұлданса) жауапкершілікке тартылып, жаза тағайындалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды