|
Берер өнегесі жоқ 120 әнге тыйым салынды
|
Қытай билігі қоғамға қауіпті деп тапқан 120 әнге тыйым салды. CNN ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, Қытайдың мәдениет министрлігі бұл әндер зорлық-зомбылықты, бағынбауды, т.б. өзге де өнегесіздікті насихаттайтынын алға тартып отыр. Айтуға, эфирден беруге тыйым салынған әндердің арасында «Ақша жоқ болса, дос та болмайды», «Мектепке барғым келмейді», «Кездейсоқ байланыс» секілді тақырыбының өзінен өнегесіздіктің сарыны білінетін әндер бар. Қара тізімге ілінген әндер ғаламтордан алып тасталынатын болады. Ал заңға бағынбағандар қатаң жазаланады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды