|
Бір айдың ішінде валюталық қоры 700 млн долларға өскен
|
Қытай халық банкі келтірген мәліметке қарағанда, аталған елдің валюталық қоры қазан айында 700 млн долларға ұлғайған қыркүйек айымен салыстырғанда. Яғни, Қытайдың валюталық қоры 3 трлн 109,2 млрд доларға жеткен. Бұл жайында "Синьхуа" ақпарат агенттігі хабар таратты. Валталарды қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарма мамандары елдегі валюталық қордың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп отырған бірнеше факторда атады: трансшекаралық қаржы ағынын теңдестіруге бағытталған кешенді шаралар, ішкі және сыртқы сауда-саттықтағы қаржы субьектілерінің стратегиялық әрекеті, өзге валюталарды долларға қатысты бағамын төмендету, халықаралық қаржы нарығындағы активтердің бағасын көтеру, т.б.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады