Биыл шетелдіктерге қажылық болмайды
Биыл шетелдіктерге қажылық болмайды
3 жыл бұрын 1099 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігінің ұйғарымымен биыл тек өз елінің азаматтары мен осы елдің аумағында жұмыс істеп жүрген шетелдік тұлғалар ғана қажылығын өтей алады. Оның өзінде тек Саудияның денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімдегі тәжді тажалға қарсы екпені алғандар ғана қажылығын өтей алады. Ұзын саны 60 мың адамнан асырмауды көздеп отыр биылғы қажылықта. Күніне тек 20 мың адам ғана қажылық ете алады. Бұл жайында islam.kz порталы араб бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда өткен жылы қажылығын тек әлем бойынша 10 мың адам ғана өтей алған еді. Олардың 30%-ы жергілікті тұрғындар болса, 70%-ын шетелдіктер құрағанын айта кетпекпіз. Ал 2019 жылы 2,5 млн адам қажылығын өтеген еді. Жалпы үлкен қажылығы бар, кіші қажылығы (ұмра) бар, жыл сайын шамамен 12 млрд доллар мөлшерінде пайда әкеледі.

0 пікір
Мұрағат