|
Босқындардың үштен бірі опат болды (фото)
|
Грекия жағалауында босқындар мінген қайық аударылып, нәтижесінде олардың үштен бірі суға кетіп, опат болды. Нақтырақ айтқанда, 34 мигрант пен төрт нәресте және 11 бала суға кетіп қаза тапты. Бұл жайында гректердің жағалау күзетінің қызметкерлері хабарлады. Reuters ақпарат ресурсының хабарына қарағанда, аталмыш қайғылы әрі төтенше жағдай Фармакониси аралының маңында орын алған. Құтқарушылар 68 адамды құтқарған, тағы 29 адам жағалауға өздері жүзіп жеткен. Апатқа ұшыраған қайықта шамамен жүзден аса адам болған. Үрлемелі қайық осынша жолаушыны көтере алмай апатқа ұшыраған болуы мүмкін.













Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды