Британ мұсылмандарына халал инвестиция ұсынылады
Британ мұсылмандарына халал инвестиция ұсынылады
1 жыл бұрын 990 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: profilesw.com

Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Saudi Aramco және француз футболшысы Пол Погбаның қолдауымен АҚШ финтех стартапы Wahed Ұлыбританияда жекелеген тұлғаларға арналған бөлімшесін ашты. Бұл жайында islam.kz порталы interfax ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзін «халал инвестициялық платформасы» деп есептейтін Wahed компаниясы 3,9 миллионға жуық британдық мұсылмандарға шариғат талаптарына  сәйкес инвестициялық және кеңес беру қызметтерін ұсынады. Атап айтқанда, ол несие, құмар ойындар, ішімдік пен темекі сатудан табыс табатын компанияларға ақша салмайды. Шоттар оның клиенттеріне пайыз әкелмейді, алтынның құнына байланысты есептеледі. Атап өтілгендей, 2017 жылы іске қосылған стартап негізінен ауқатты клиенттердің активтерін басқару үшін комиссиялық сыйақыдан табыс табады. Дегенмен, бұл жоба әлі күнге тиімділігін танытқан емес. Аталмыш компания Saudi Aramco-ның венчурлық капиталының еншілес кәсіпорны Saudi Aramco Entrepreneurship Capital-дан және Пол Погбадан жалпы сомасы 75 миллион доллар қаржы жинады. Refinitiv агенттігі исламдық қаржыландыру нарығының көлемі 2025 жылға қарай 4,9 триллион долларға жетуі мүмкін, деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат