|
Будда монахтары есірткімен ұсталды
|
Мьянмада азшылықты құраса да осы елдің байырғы тұрғындары болып табылатын рохиньялық мұсылмандарды қан қақсатып келген будда радикалдарының бір тобы есірткімен қолға түсті. Дәлірегі, есірткінің көп мөлшері олардың автокөліктерінен және ғибадат ғимараттарынан табылған. Нақтырақ айтқанда, 4 млн-нан астам метамфетамин таблеткасы тәркіленді. Арсара Мин Наинг есімді будда монахын жолда жол-көлік полициясы тоқтатқан екен. Оның автокөлігінен көп мөлшерде есірткі болған, артынан тінту кезінде монастырден де табылған. Оның екі сыбайласы да қолға түсті. Сондай-ақ, будда радикалдары жарылғыш заттармен және өзге де қару-жарақпен жарақтанған. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды