Дербес құқықтылар исламды қабылдап жатыр
Дербес құқықтылар исламды қабылдап жатыр
9 жыл бұрын 2990

Үндістанда дербес құқыққа ие каста (әлеуметтік мәртебелі топ) мүшелері ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан өмірдің мәнін, әлеуметтік әділеттілікті ислам дінінен тапқандарын жасырмайды. Жуырда ғана тура жолға түсіп, хақ дінді таңдаған далит (дербес құқыққа ие каста мүшесі) неліктен мұндай қадамға барғанын былай түсіндіріп берді: «Егер құлшылық ету үшін ғибадат ғимаратына кіре алмасаң, білегіңе киелі жіпті тағып алып, индус атанғаннан не пайда? - деді бұрынғы Шьям, бүгінгі Азат The Hindu ақпарат көзіне берген сұхбатында. Уттар-Прадеш штатының Мога ауылының тумасы Азатқа және оның 100 тайпаласына мұсылмандыққа өтуге ниет білдіргені үшін үнді храмына кіруге тыйым салды. Үнді радикалдары олардан райларынан қайтаруды талап етіп, қоқан-лоққы жасауда. Үнді радикалдарынан төнген қауіпті ескерген олар өздерінің наным-сенімін ауыстыратыны жөнінде жарияға жар салған жоқ. Сөйтсе де олар өздерін мұсылманбыз деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат