Дубайда туристер үшін “жомарт” бонус бағдарламасы іске қосылды
Дубайда туристер үшін “жомарт” бонус бағдарламасы іске қосылды
7 сағат бұрын 217 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубайда Dubai Access Club жаңа туристік бағдарламасына тіркеу қызметі ашылды, оның аясында саяхатшыларға 5 жылға мультивиздер беріледі, сондай-ақ, жеңілдіктер, елде тұруға және тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін бонустар беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бағдарламаға осы елдегі компаниялар шақырған адамдар мен “адалдық” бағдарламалары арқылы келгендер өтініш бере алады. Бірегей бағдарлама Дубайда тұрақты демалатын туристерге арналған. Жаңа виза бойынша олар әмірлікке тұрақты түрде келе алады. Бұл ретте елде болу мерзімі бір жыл ішінде 90 күннен аспауы тиіс. Бағдарламаға мүше болудың артықшылықтары - қонақ үйлерде, туристік нысандар мен сауда орындарында пайдалануға болатын 2 мың дирхемге дейінгі сомаға бонустар, арнайы жеңілдіктер және du операторының тегін алдын ала төленген SIM-картасы. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар артықшылықтар тізімін кеңейтуге уәде берді. Бағдарламаға жұмыс беруші немесе қолданыстағы адалдық бағдарламасы арқылы қосылуға болады. Серіктестердің арасында Emirates Airline, Emaar Hospitality Group, Jumeirah Group, Accor, Hilton, Marriott International және Hyatt Hotels бар. Атап айтқанда, Emirates Skywards, U by Emaar, Jumeirah One, Hilton Honors, Marriott Bonvoy және World of Hyatt компаниялары бар. Туристер Visit Dubai ресми сайтында тиісті санатты таңдап, жұмыс берушінің немесе адалдық бағдарламасының деректерін көрсетіп тіркеле алады. Тіркеу үшін байланыс ақпараты, төлқұжат нөмірі, азаматтығы, тұратын елі және туған күні қажет. Бағдарлама бойынша шақыруды алған адам ресми өтінімді толтыру, фотосуретті, төлқұжаттың көшірмесін, соңғы алты айдағы банктік үзіндіні, медициналық сақтандыруды және екі жаққа да билеттерді қоса беру қажет. Бағдарламаға қатысу құны - 4032,50 дирхамды құрайды, соның ішінде клубқа мүшелік, виза рәсімдеу және бағдарламада көзделген артықшылықтар. Біріккен Араб Әмірліктер аумағында орналасқан өтініш берушілер үшін 650 дирхам көлемінде қосымша алым қарастырылған. Осылайша, жалпы құны 4682,50 дирхам құрайды. Өтініш әдетте 48 сағатқа ішінде өңделеді.

0 пікір
Мұрағат