Сауд Арабиясы - жасанды зерде және моделдер жасау саласындағы таланттардың өсуі бойынша әлем көшбасшыларының үштігінің бірі
Сауд Арабиясы - жасанды зерде және моделдер жасау саласындағы таланттардың өсуі бойынша әлем көшбасшыларының үштігінің бірі
6 сағат бұрын 217 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияның деректер және жасанды зерде жөніндегі басқармасы (SDAIA) елдегі озық технологияға қатысты кешенді зерттеу нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеуде технологияның нормативтік базасы, инвестиция, цифрлық инфрақұрылымды, деректерді басқару ісі, адами капитал, зерттеулер мен инновациялар, т.б. қаммтылған. 2026 жылғы Stanford HAI Index бойынша АІ саласындағы таланттардың өсу қарқыны бойынша аталған араб елі әлемде үшінші орынға іліккен және 2025 жылғы индекс бойынша АІ жетекші үлгілерін әзірлеу бойынша өңірде бірінші орынға шыққан, сондай-ақ, 2025 жылғы Observer Index бойынша АІ секторының өсуі бойынша әлемде бесінші орынға жайғасқан. Саудия, сондай-ақ, 2025 жылғы бүкііл әлемдік жасанды зерде байқауында 26 марапатқа ие болды және 2026 жылы Жаһандық жасанды зерде серіктестігіне ресми түрде қосылды. 2023-2025 жылдар аралығында цифрлық инфрақұрылым саласындағы  ішкі дата-орталықтардың сыйымдылығы 115,8 пайызға ұлғайды. Ұлттық есептеу қуаты Shaheen III суперкомпьютеріне негізделген - 2026 жылғы Парсы шығанағындағы TOP500 тізімінде көшбасшы - қуаты 480 мегаватт болатын әлемдегі ең ірі Tier IV мемлекеттік объектісі Hexagon Data Center-мен осындай деңгейге көтерілген. Ұлттық деректер экожүйесіне келетін болсақ, ұлттық деректер банкі аясында шамамен 515 мемлекеттік жүйе Ұлттық деректер көліне біріктірілді, осылайша 2026 жылы 90-нан астам мемлекеттік мекемеден 5,87 петабайтты біріктірді. Ашық деректер жиынтығы сол жылы 346 мемлекеттік және жекелеген қатысушы тараптар ішінде 21 800-ден асты. Бұдан басқа, 500 миллиардтан аса араб деректер бірлігі 2025 жылы «ALLaM 34B» ірі тілдік моделін әзірлеуді қамтамасыз етті, ал король Салманның жаһандық араб тілі академиясының «Falak» платформасы 2,2 миллиард сөзге жетті. Адам капиталына келетін болсақ, зерттеу нәтижесі Сауд Арабиясы халқының 84 пайызы AI тұжырымдамаларымен таныс екенін көрсетті, ал 2026 жылғы шілде айына таман «SAMAI» бастамасының бірінші кезеңіне 1,2 миллионнан астам аадам қатысқан. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін нарыққа 69 300-ден астам техникалық маман түлектер шықты, бұл жайт AI саласындағы таланттардың ішкі тығыздығының 15 пайыздық жылдық өсу қарқынына (CAGR) ықпал етті. Бұл тараптағы зерттеулер мен инновациялар саласында АІ технологиясына бағытталған ғылыми жарияланымдар CAGR-ға 2021-2025 жылдар аралығында 37,4% көрсетті, ал олармен байланысты патенттік өтінімдер саны 2020-2024 жылдар аралығында 34,52% -ға өсті. Жергілікті өнімдер байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің 2026 жылғы есебіне сәйкес сегіз ірі тіл моделі мен 58 мамандандырылған AI қосымшасын жасауға мүмкіндік берді. Саудия AI саласында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша әлемде бірінші орын, AI қауіпсіздігі, құпиялылығы және шифрлау бойынша бірінші орын, цифрлы дайындық бойынша бірінші орын, студенттердің генеративтік AI технологиясын қолданысқа енгізуі жағынан үшінші орын, мемлекеттік стратегия бойынша алтыншы және қаржы секторын қаржыландыру бойынша жетінші орын алып, негізгі кіші индекстер бойынша елдің жаһандық көшбасшылығын растады. Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы 70 елді қамтыған Халықаралық басқаруды дамыту институты (IMD) жариялаған IMD World Digital and AI Ranking 2026 рейтингісінде жасанды зерденің (AI) бірнеше көрсеткіштері бойынша әлемдік жетекші орынға ие болды. Сауд Арабиясы компаниялардың АІ-мен байланысты киберқауіпсіздік тәуекелдері және АІ корпоративтік жүйелеріндегі құпия деректерді қорғау туралы хабардарлығы бойынша әлемде екінші орынды иеленді. Ол үш көрсеткіш бойынша әлемде төртінші орынды иеленді: АІ ұлттық стратегиясын іске асыру, АІ корпоративтік енгізу және АІ технологияларына қоғамның қол жеткізу көрсеткіштері бойынша алдыңғы орыннан көрінген.

0 пікір
Мұрағат