|
Экстрасенстер мен сиқыршылар заңмен алаяқтарға теңестірілді
|
Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы көп ұзамай алаяқтық туралы заң жобасын қабылдап қалуы мүмкін. Аталмыш заң жобасында аңқау жұрттың үстінен күн көретін экстрасенстер мен сиқыршылар алаяқтар мен бопсалаушыларға теңестіретірілуі мүмкін. «Парламент газеті» мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, осы заң жобасын жасауға атсалысқан Мемдуманың еңбек, әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі комитет мүшесі Сергей Вострецовтың айтуынша, депутатардың мұндай қадамға баруына мыңдаған ресейлік азаматтардың экстрасенстерден алданып, шағым түсіргені себеп болған. Айта кетейік, заң жобасы сиқыршылықпен айналысуға тікелей тыйым салмайды, алайда, оны пайдаланып ақша табуға тыйым салады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады