|
Ел аумағында бір жылда 90 күннен артық күн тұрған байларға салық салынады
|
Ресей Федерациясында жылына 90 күннен артық тұрған, аталған ел аумағында жылжымайтын мүлігі мен жеке байланысы бар әрі бизнес жүргізетіндерге салық салынатын болды. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы аумағында салық резиденті деп тану үшін 183 күн қарастырылған. Яғни, салық резиденті деп тану мерзімі қысқартылып отыр. РФ қаржы министрлігі мемлекеттік думаға «2020 және 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттік, салықтық, кедендік-тарифтік саясаттың негізгі бағыттарының» жобасын қарастыруға ұсынған болатын. Бұл мәселе осы құжатта қамтылған. Аталмыш жобаға сәйкес жылына 90 күннен кем тұрса да жылымайтын мүлігі мен жеке және экономикалық байланысы бар азаматтар салық резиденті деп танылу қарастырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)