|
ЕҢ ҚУАТТЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ АШЫЛАДЫ
|
Алып пирамидалар елінде жақын арада Таяу Шығыстағы ең қуатты әрі ең үлкен күн электр станциясы пайда болады. Қазіргі уақытта швейцариялық компания бастаған халықаралық консорциум құрылыс жұмыстарына кірісіп те кеткен.
Электр станциясының қуаты 200 мегаватт деңгейінде болмақ. Құрылыс жұмыстары ойдағыдай аяқталып, іске қосылар болса, ол тек Таяу Шығыстағы ең қуатты күн электр станциясы ғана емес, әлемдегі үздік бестік қатарына кіретін болады.
Хабарламада айтылғандай, станция жанынан күн сәулесін өткізгіш панелдер мен инверторлар шығаратын орталық та ашылмақ. Одан шығарылатын құрылғылар тек электр станциясын қамтамасыз етіп қоймай, өзге елдерге де сатылатын болмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды