|
ЕО көші-қон және босқындарға пана беру туралы пактісін қабылдады
|
Еуропалық одақ (ЕО) шекараны шегендеу, дәлірегі, шекарадағы бақылауды күшейту мен көші-қон туралы пактіні келісіп қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы испандардың El Mundo мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығының солтүстігі мен Жерорта теңізі арқылы келетін босқындар легінен көп зардап шегетін Испания мен Италия бастамашы болған аталмыш құжат бойынша жылына 30 мың мигранттың бағыты айқындалады, дәлірегі, баратын ЕО құрамындағы елге жіберіледі, алайда, квота бойынша мигрант жіберілген елдерге барғысы келмеген жағдайда әрбір босқын үшін 20 мың еуро мөлшерінде өтемақы алады. Мигранттарды бұлайша бағыттау жүйесі немесе тетігі ең көңілге қонымдысы саналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды