|
ЕО терроризмге қарсы күресте арабтармен тізе біріктірмек
|
Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары лауазымды өкілі Федерика Могерини терроризмге қарсы күресте арабтармен күш біріктіретіндерін мәлімдеді. Бұл жайында Associated Press ақпарат көзі хабар таратты. Еуроодаққа мүше елдердің көбісі бұл бастаманы құптаған көрінеді. Яғни, мұсылмандарды бірыңғай терактіге қатысы бар деп айыптай бермей, олармен бірігіп әрекет етуді мақұлдаған. Мәселен, Бельгияның сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс ол үшін араб елдерімен ақпарат алмасудың маңыздылығын тілге тиек етті. Айта кетейік, қазіргі уақытта терроризм мәселесі еуропалықтардың күн тәртібінде өткір тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды