|
Ерлерге қарағанда әйелдер көп
|
Қай заманды алмаңыз, адамзат тарихында ер-азаматтарға қарағанда әйелдердің саны басым түсіп келгенін анықтады ғалымдар. Дәлірегі, Макс Планк атындағы антропология институтының ғалымдары осындай тұжырымға келген. Адамзаттың демографиялық ахуалын зерттеген мамандар генетикалық ақпаратты алудың тың тәсілін ойлап тапты. Зерттеу барысында әке жағынан берілетін Y-хромосомасы (NRY) мен шеше жағынан берілетін митохондриальды ДНК (мтДНК) салыстырылған. Бұл зерттеуге 50 аса елден 623 ер-азамат қатысқан. Бұл жайында “Лента.ру” ақпарат көзі хабар таратты. Жер бетінде барлық заманда бөріктілерге қарағанда ақ жаулықтылардың қарасы көп болып шыққаны белгілі болды. Және әйелдерге қарағанда ерлер өмірден ерте өтетіні де анықталған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады