|
Еуропада христиандықтың басты бәсекелесі ислам емес, басқа болып шықты
|
Кәрі құрлықтың діни ландшафы ширек ғасырда көп өзгерген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Pew Research Center зерттеу орталығының деректеріне жөн сілтеген Evangelical Focus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пайымдауынша, Еуропадағы христиандықтың басты бәсекелесі басқалар топшылағандай ислам емес, өзін бірде-бір діни сенімге байламайтын атеистер болып шықты. Ғалымдар бұл тарапта өзін нақты бір дінге жатқызбайтындардың да өз сенімі мен тұжырымы болатынын алға тартып отыр. Мұндай сенімдеегілерді Біріккен Ұлттар Ұйымы“діннен немесе қандай да бір ілімнен азат адамдар”санатына жатқызады. Еуропаның діни құрамы сан алуан мемлекет - Франция. Халықтың 46% -ы өздерін христиан, 9% -ы мұсылман санайды, ал 43% -ы ешқандай дінге жатпайтынын айтады. Осы құрлықтағы дінсіздіктің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі де Францияға тән болып отыр. Осындай жағдай Батыс Еуропаның басқа елдерінде де байқалады. Ұлыбританияда христиандардың үлесі алғаш рет 49% -ға дейін төмендеді, бұл ретте тұрғындардың 40% -ға жуығы өздерін бірде-бір дінмен байланыстырмайды. Белгия мен Германияда көрсеткіштер ұқсас: халықтың жартысынан көбі өздерін христиан деп атайды, шамамен 6-7% - мұсылман, ал шамамен үштен бірі немесе одан да көбі ешбір дінге кірмейтінін мәлімдешен. Әсіресе, Нидерланды бұл тарапта ерекшеленген - тұрғындардың көпшілігі - шамамен 54% - өздерін бірде-бір дінге жатқызбайды және бұл көрсеткіш христиандардың санынан көп. Сонымен қатар, Балқан өңірінде мұсылмандардың үлесі ең жоғары. Косовода мұсылмандар қарасы халықтың 94% -дан астамын құрайды, Албанияда - шамамен 74,5%, ал Босния мен Герцеговинада мұсылмандар мен христиандардың арақатынасы бірдей. Болгария мен Грузияда керісінше, христиандар басым, ал мұсылмандар халықтың оннан бір бөлігін құрайды. Еуропаның ең зайырлы елі атанған Чехиядағы тұрғындардың 73% -ға жуығы өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Еуропадағы басқа наным-сенім өкілдері азшылықты құрайды. Еврейлер кез келген елде халықтың 1% -нан аспаған , буддистер Исландиядан басқа ешбір жерде дерлік осы көрсеткіштен аспайды. Бұл бағыттағы зерттеу авторлары мәліметтердің 2020 жылғы көрсеткіштеріне негізделгенін, алайда, жалпы ешбір дінге кірмейтіндер адамдар санының өсу үрдісі сақталып отырғанын нақтылайды.