|
Еуропалық ел иттің бір тұқымын асырауға тыйым салмақ
|
Ұлыбритания билігі ел аумағында Булли XL ит тұқымын асырауға ресми тыйым салуды қарастырып жатыр. Бұған аталмыш тұқымды иттердің бірнеше адамға шабуыл жасап, олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргені себеп болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Daily Mail ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай ит талағандардың арасында 10 жастағы Мұхаммед Сәми Реза есімді 10 жастағы мұсылман жеткіншек те бар. Ойнап жүргенінде итке таланып, ауыр жарақатпен емханаға түскен оған ота жасалды. Бұдан бөлек, Булли XL тұқымды ит Иана Прайс есімді Стаффордшир тұрғынын шайнап өлтірді. Иттің 30 жастағы қожайыны тұтқындалды.

Мұхаммед Сәми Реза әкесімен
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады