Еуропалық елде босқындарға алғаш рет жұмыс істеуді міндеттеді
Еуропалық елде босқындарға алғаш рет жұмыс істеуді міндеттеді
2 ай бұрын 356 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sean Gallup / Getty Images

Германияның шығысында орын тепкен Тюрингия федералды жеріндегі Заале-Орла ауданы аумағында тұрып жатқан босқындар осы елдегі босқындар арасында алғашқы болып жұмыс істеуге міндеттелді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған аудан басшысы Кристиан Херрготқа жөн сілтеген немістердің Bild ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, салық төлеушілер ақшасынан жәрдемақы төленетін адамдар масыл болмай, қоғамға пайдасын тигізуі керек. Осы орайда 1992 жылы Германияда паналату туралы заңында босқындарды жұмысқа орналастыру ережесі қарастырылған. Десе де бұл ережені Заале-Орла ауданы алғашқы болып жүзеге асырды. Босқындар қоғамдық жұмыстарға күніне 4 сағатқа тартылады. Сағатына 80 еуро цент жалақы тағайындалады, бұл ақшаны айына шаққанда 64 еуро болмақ. Наурыз айында жұмыс істейтін мигранттарға жалақы карталары беріледі. Аудан басшысы қазір мекеме-ұйымдар мен коммуналдық кәсіпорындарға жұмысқа орналасу жөнінде ұсыныстар жолдағанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат