|
Facebook қайырымдылық көрсету функциясын іске қоспақ
|
Facebook әлеуметтік желісі қайырымдылықты қолдауға арналған жобаны қолға алды. Қазіргі адамдардың әлеуметтік желілерде көп отыратынын ескеріп, қайырымдылыққа да көңіл бөлмекпіз, деп хабарланған компанияның ресми блогында.
Facebook әзірлеушілері қазір жаңа «Қайыр көрсету» түймесін тестілеуден өткізуде. Енді оның көмегімен әр ғаламтор пайдаланушысы әлеуметтік желіде отырып-ақ қайырымдылық көрсету үшін қаражат аудара алады.
Тестілеуге 37 серіктес қайырымдылық ұйымдары қатысуда. Facebook-парақшаларда қайырымдылықтан түскен қаражаттар туралы мәліметтер де жарияланатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды