|
Фашистердің соғыс кезінен қалған құпия бункері табылды (фото, видео)
|
Аргентиналық археологтар Парагваймен арадағы шекараға таяу маңнан Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан жағдайда нацистердің жетекшілері тығылатын құпия бункерді тапты. Бұл жайында «Daily Mail» ақпарат көзі аргентиналық «Clarin» басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бункердің ішінен 1938-1944 жылдар аралығында шекілген неміс тиындары мен фашистердің белгісі бар фарфор ыдыс-аяқ табылған. Бункер адам тұруға қолайлы бөлмелерден, азық-түлік қоймасынан және бақылау бөлмесінен тұрады. Шекараға таяу маңнан, адам аяғы баса бермейтін ну орманда салынған бункер сол күйі пайдаланылған жоқ. Өйткені, фашистер Аргентинадан ешкімнен жасырынбай-ақ заңды түрде өмір сүруіне болатын еді.







Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды