|
G-20 саммитіне мысықтар да «қатысты» (ВИДЕО)
|
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан G-20 саммитінде қызық оқиға болды.
Қауіпсіздік шараларының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына қарамастан президенттер жиналатын плафтормаға бірнеше мысық өтіп кеткен.
Бұл платформа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әріптестерін күтіп алып, ресми түрде сәлемдесетін орын еді. Сонымен бірге барлық мемлекет басшылары фотоға түсетін жер де осы. Сол орынға мысықтардың қайдан келгені белгісіз болып отыр. Бірқатар ақпарат құралдары оқиғаны қауіпсіздік қызметінің салғырттығының салдары ретінде бағалап жатыр. Дегенмен, «жолбарыстар жиналған саммитке мысықтардың да қатысқанына» езу тартқандар да көп.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды