|
Гаитидегі карнавал кезінде 18 адамды тоқ ұрып мерт қылды
|
Baq.kz порталының Ассошиэйтед Пресс ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласында өтіп жатқан карнавалдық шеру кезінде 18 адамды тоқ ұрып, қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жоғары кернеулі электр сымы үзіліп, карнавалдық платформаға түскен. Сол сәтте платформада болған адамдардың көпшілігін тоқ ұрған. Зардап шеккендердің бірі оқиға алдында жоғарыдан салбыраған электр сымын ұзын темірмен көтермек болған екен. Сол сәтте сым үзіліп, артынша қайғылы оқиға орын алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады