|
Германия оқушыларды мешітке баруға міндеттеді
|
Өткен аптада Германияның Киль қаласында баласын мешітке жібермеген ата-ана мен мектеп арасында дау туындады. Ата-ана өз баласын жергілікті мешітке танымдық мақсаттағы экскурсияға жібермегені үшін 300 еуро айыппұл салынды.
Қысқа мерзімді уақытта олар сот алдында жауапқа тартылған. Киль қаласының Білім департаменті оларға мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылар мешітке баруға тиіс деп бұйрық шығарған.
Сонымен қатар, құжатта балалардың құрбы-құрдастары мұсылман ғибадатханасында саяхаттап жүргенде олардың сыныпта немесе үйде отыруына болмайды деп көрсетілген. Департамент өкілдері балаларға Ислам және мұсылмандар әлемі жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін мешітке саяхатты жоспарланғанын айтып өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды