|
Германияда мешіттерге шабуыл жасау жиілеп барады
|
Германияның батысында мешіттерге жасалатын шабуылдар саны күрт артты. Бұл - жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметі. Олар келтірген дерекке сүйенсек, 2016 жылдың екінші жартысында осындай 14 оқиға тіркелген. Олардың екеуі қоғамда қызу талқыға түсті. Еске сала кетейік, ақпан айында елдің батысындағы Лейпциг қаласында қаскөйлер мешіт салынып жатқан құрылыс алаңына өлген доңыз тастап кеткен еді. Одан кейін Нойнкирхен қаласында бұзақылар мешіт ауласына жанғыш сұйықтық құйылған ыдыстар лақтырған. Елдің федералды полициясының деректері мұсылмандарға қарсы қылмыстардың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Мұнда 2014 жылы осындай 64 қылмыс, ал 2015 жылы 75 оқиға тіркелген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды