|
Human Rights Watch ұйымы Израилді әскери қылмысқа барғаны үшін айыптады
|
Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы оқ-дәрінің иісі, қару оқпанынан шыққан түтін әлі сейіле қоймаған Газа секторындағы Израил басқыншылығына қатысты есебін жариялады. Онда Израилдің әскери қылмысқа жол бергені айтылған. «Израил әскерилери жүздеген адам жасырынған үш бірдей белгілі мектепке соққы берген. Нәтижесінде ондаған бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды»,- деп мәлімдеді аталмыш ұйымның арнайы кеңесшісі Фред Абрахамс. Ол осылай дей келе Израил билігінің мектепке неліктен шабуылдағаны жөнінде түсінік бере алмағанын жеткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, Израил шабуылынан Газа секторында қаза тапқандардың 80 пайызын бейбіт тұрғындар құраған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды