|
Йемендегі тырысқақ жұқтырғандарды мал сияқты ұстайды
|
Соғыстың лаңынан, ауызсудың тапшылығынан тырысқақ індеті жайлаған Йемендегі науқастардың жай-күйі мәз емес. Нақтырақ айтқанда, заңды сайланған президентке сүннит болғаны үшін бас көтеріп, бүлік шығарған шиттік хусит тайпасының өкілдері тегін келген гуманитарлық көмекті сырқатқа шалдыққандарға сатып, ода түскен қаржыны өздерінің қарақан бастарына және саяси мақсаттарына жаратуда. Бұл өз кезегінде Худайда провинциясындағы мыңдаған адамның өмірін қауіпке итермелеп отыр. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Кәгерлердің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бөлген тырысқаққа қарсы дәрі-дәрмектің бір қорабын хуситтер 1000 йемендік риалға саудалауда. Ауру айналдырған йемендіктердің дені ондай бағаға сатып алуға шамасы жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады