|
Иммигрант мұсылман өз-өзіне қол жұмсаған израилдікті өлімнен құтқарып қалды (видео)
|
Үйсіз-күйсіз иммигрант мұсылман италиялықтардың ұлттық қаһарманына айналды. Өз-өзіне қол жұмсамақ болып, Тибр өзеніне секірген израилдікті ажал аузынан аман алып қалғаны үшін. Бұл жайында «Haaretz» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, 32 жастағы Бангладеш тумасы Собудж Халифа өзі уақытша паналап жүрген көпірде суға секірген әйелді байқап қалады. Ол дереу өзенге қойып кетіп, суға батып өлмек болған әйелді жағаға алып шығады. Суицидке бармақ болған 55 жастағы израилдік әйел емханаға жатқызылды, оның жағдайы жақсы. Әйелдің аты-жөні айтылмаған. Оның мұндай қатерлі қадамға баруына ғашығының өзіне көз салмағаны себеп болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемде тұңғыш рет қажылық үшін ақша төлейтін ел пайда болды
■
Иран халқы Ислам революциясынан бері 54 млн адамға көбейген
■
Адам кездейсоқ түс көрмейді – түс көрудің заңдылығы ашылды
■
Жұмысшыларды жасанды зердемен алмастыру немесе АІ үшін жұмысшыларды жаппай қысқарту экономиканы күйретеді
■
Қытай соты компанияларға жұмысшыларды жасанды зердемен алмастыруға тыйым салды