|
Иранда аса ірі мұнай кен орны табылды
|
Иран президенті Хасан Рухани елдің оңтүстігінде аса ірі мұнай кен орны табылғанын әрі осыған орай аталмыш кен орнындағы мұнай кеніші елдегі дәлелденген мұнай қорын үштен біріне арттыратынын мәлімдеді. Бұл жайында Иранның Fars ақпарат агенттігі хабарлады. Иранның оңтүстігінде орын тепкен Хузестан провинциясы аумағынан табылған мұнай кенішінің жалпы ауданы 24 шаршы шақырымға жетеді. Иранның дәлелденген 150 млрд баррел мұнай қоры тағы 53 млрд баррел мұнаймен толығатын болады. Осылайша парсылар елі әлем бойынша барланған мұнай қоры жағынан төртінші орыннан көрінсе, табиғи газ қоры жөнінен екінші орынға табан тіреген ел. Осы жолғы табылған мұнай кеніші 65 млрд баррел мұнай қоры бар Аһбаз мұнай кенішінен кейінгі аса ірі кен орны болып тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды