|
IT-компания мұсылмандар жайында деректер жинаудан бас тартты
|
Мұсылмандарға қарсы мәлімдемелерімен аты шыққан АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп талап еткенімен америкалық IT-компания ел тұрғындарының, соның ішінде мұсылмандардың наным-сенімі, нәсілі және ұлты жайындағы мәлімметтер базасын құрудан бас тартты. Бұл жайында Reuters ақпарат көзі хабар таратты. Аталған компания оның бұл талабының азаматтардың құқығына қол сұғу әрекетіне апаратынын айтып, бас тартқан. Айта кетейк, бұрын Дональд Трамп SpaceX, Tesla Motors, Apple, Google, т.б. елдегі алдыңғы қатарлы технологиялық компания жетекшілерімен бірлесе жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын. Алайда, ол кезде технологиялық компаниялармен неліктен қоян-қолтық жұмыс істейтінін айтпаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды